BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев интернеттің бұғатталуына наразы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі интернет желісінің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebooк парақшасында хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», – деп жазды ол.



