BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі қашан болатыны айтылды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды BasNews.kz

Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы (IBO) ресми мәлімдеді.

Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) 18 желтоқсанда Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өнер көрсетеді, ондағы басты жекпе-жек Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасында болады.

25 жастағы Ахмедовтың қарсыласы 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора, ол өткізген 18 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен, оның 13-ін нокаутпен аяқтаған. Жекпе-жек 12 раундқа есептеліп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button