BasNewsЖаңалықтар

Петропавлдағы мектепте карантинге байланысты сабақ тоқтатылды

Петропавлда тұмау мен ЖРВИ-дің өршуіне байланысты мектептердің бірі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, №6 мектептегі оқу тоқтатылған. №9, 5, 24, 26 мектептері мен «БЭСТ» гимназиясының кейбір сыныптары да карантинге жабылды. «Сабақтар 5-7 күн аралығында болмайды, мәжбүрлі демалыстар балалардың сабақ үлгеріміне әсер етпейді»,- деді білім бөліміндегілер.
Егер ауырғанына байланысты сабаққа сыныптың 20%-ы немесе одан да көп оқушысы қатыспаса оқу процесін тоқтату туралы шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайды. Егер мекемедегілердің 30%-ы немесе одан да көбі болмаса, директордың бұйрығымен мектеп жабылады.

Бұған дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті соңғы аптада ЖРВИ жұқтырған оқушылардың саны артқанын хабарлаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button