BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында автобус аударылып түсті

Ақтөбе облысында салонында 12 адам болған автобус аударылып түсті. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полиция ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы 27 маусымда Бөгетсай кентінің маңындағы «Самара-Шымкент» автожолының 916-шақырымында болған. Автобуста 12 жолаушы, оның ішінде үш бала отырған.

«Паз-32054″ автобусының жүргізушісі жол жүрісі ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған уақытта көлік құралы тоқтағанға дейін жылдамдықты төмендетпей, көлікті басқара алмай, жүріп бара жатып оң жаққа аударылып түсті», – деп хабарлады ПД өкілдері.

Автобус отбасылық іс-шарадан Ырғыз ауданы Калинин ауылынан Ақтөбеге бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам «Қарабұтақ» трассалық медициналық-құтқару пунктіне көмекке жүгінді, оның ішінде жарақат алған екі адам және сүйегі сынған бір жолаушы Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button