2020 жылы жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері қалай өзгерді
Жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізгені және ішімдікке тест өтуден бас тартқаны үшін қамауға алынады – заңға еңгізілген өзгерістер биыл күшіне енді. Жол қозғалысы ережесін бұзушыларға бірнеше айыппұл түрлері қарастырылған, олардың сомасы бес айлық есептік көрсеткіштен басталады (13 255 теңге).
Sputnik Қазақстан ең көп таралған құқық бұзушылықтар мен олар үшін қарастырылған жаза түрлерін ұсынады.
4 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, таяуда бұл өзгерістер күшіне енді.
Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының бірінші бөлігі бойынша мас күйінде жүргізу үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 күнге әкімшілік қамауға алу көзделген.
Егер де жүргізуші бір жыл ішінде екінші рет мас күйінде көлікке отырса, ол сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылады және 20 тәулікке қамауға алынады.
Ал ішімдікке тест өтуден бас тартқандар 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
Жүргізуші куәлігінен айырылған адам рөлге отырған жағдайда салынатын айыппұл сомасы – 10 АЕК (26 510 тенге) немесе 10 тәулікке қамауға алынады.
Мас күйінде жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу салдарынан абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірсе, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыра отырып, 6-дан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.