BasNewsЖаңалықтар

Алматы-Қорғас тасжолында ыстықтан бетон плиталар көтеріліп кетті

Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кетті. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

What’s app мессенджерінде Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар қайта көтерілгені туралы ескерту айтылған видеолар тарап жатыр.

«Шелек жақтан келе жатсаңыз Маловодноеға жетпей бетондар қайта көтеріліп кеткен. Абай болыңдар, жігіттер», – дейді видео авторы.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, 2021 жылы 2 шілдеде «Алматы-Қорғас» (Бәйдібек Би кенті ауданында) автомобиль жолының ақылы учаскесінің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кеткен.

«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды. Осы учаскедегі ақау жедел жойылды. «ҚазАвтоЖол» уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді», – деді компания өкілдері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button