BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 15 шілдеден бастап ұжымдардың вакцина алған-алмағаны тексеріле бастайды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қауіпті індеттің адамның бойындағы ауруды асқындыратынын, сондықтан ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина салдыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазіргі кезде қаланың вакцинация орталықтарында коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тиімді барлық вакцина жеткілікті екенін айтты.

«Біз коронавирустың шектен тыс өсуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қала әкімдігі, медициналық қоғамдастық, санитарлық қызмет жағдайды тұрақтандыру үшін бәрін жасауда. Алайда, көп нәрсе вакцинациялауды қажет ететін мегаполистің тұрғындарына байланысты. Бұл өлімге әкелетін вирустан қорғанудың және оған қарсы тұрудың жалғыз жолы», – деп баса айтты Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері қалалықтардың вакцинациялауға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жаңа қаулыға байланысты барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына вакцинация күшейтілді. О

ның айтуынша, 15 шілдеден кейін мониторинг топтары Қазақстан бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес міндетті вакцинациялауды қажет ететін ұйымдардың барлық топтарын тексеруді бастайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button