BasNewsЖаңалықтар
Жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды

Ол 2 шілдеде Алматы облысында ұсталды. Күдікті – 34 жастағы тұрғын.
«Тергеу аясында күдіктінің көлігі анықталып, тәркіленді. Күдікті Қазақстан ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», – делінген хабарламада.



