BasNewsЖаңалықтар

Ұлытау ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ұлытау ауданында дала өртінің шығуына байланысты ТЖ режимі жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Ұлытау ауданында дала өрті салдарынан ТЖ режимі жарияланды. Өкінішке қарай, ер адамның мәйіті табылды, тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 200-ден аса мал қырылды.
Қазіргі уақытта өңір бойынша 17 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 техника, ТЖД-ның 350-ден аса қызметкері мен еріктілер жұмыс істеп жатыр», – деді Қасымбек.

Қарағанды облысы әкімінің мәліметі бойынша, 15 өрт ошағынаң 10-ы жойылған. Дала өртінің екі ошағы мен бес өрт шығуы мүмкін жер бақылауға алынған.

«Табиғи өрт ошақтарын сөндіруді ұйымдастыруға «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы бөлінді, операцияны менің орынбасарым Шайдаров басқарады», – деді Жеңіс Қасымбек.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button