BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында спортшы жасөспірімді ұрып тастады

Алматы облысында спортшы жігіт 17 жастағы жасөспірімді ұрып тастады, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жанжал 6 шілдеде көп қабатты үйлердің аулаларының бірінде болған.
Бірі әзілмен екіншісін ренжітеді, ал ренжігені қарсыласының анасына тіл тигізеді. Салдарынан соққыға жығылған кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханадан бір-ақ шыққан, ал оған қол көтерушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, – деп нақтылады облыстық ПД.
Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1 -тармағы, яғни «Бұзақылық» бойынша іс қозғалды.
https://www.youtube.com/watch?v=LazfV_nnIsw


