BasNewsЖаңалықтар
Отставкаға кеткен ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ербол Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарған.
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.


