BasNewsЖаңалықтар
Алматыдағы үш медмекемеде вакцинация паспортын сатқан қызметкерлер әшкере болды

Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық – «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.


