BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа мерзімі аталды

Қазақстан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда Қазақстандағы міндетті вакцинацияның жаңа мерзімі аталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинацияның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру», – делінген қаулыда.
Сонымен қатар, қызметкерлері кеңседе жұмыс істеуі үшін вакцина салдыруы керек ұйымдар тізімі жаңартылған.



