BasNewsЖаңалықтар

Елордада құрбандыққа шалынатын бұқа қашып кетті

Нұр-Сұлтан тұрғындары көшеде жүгіріп жүрген бұқаны видеоға түсіріп алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, куәгерлер жолда бұқа жүргенін 18 шілдеде түнгі сағат 03.20-да хабарлаған.

«Полиция қызметкерлері жол қозғалысына кедергі келтіріп, апатты жағдай туғызған жануарды жолдан айдап шықты. Полицейлер бұқаны Иманов көшесіндегі үйдің ауласына байлап қойды», – деді полиция өкілдері.

Полицейлер бұқаны 29 жастағы ер адам Құрбан айтқа әкелгенін, бірақ жануар қашып кеткенін хабарлады. Ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button