BasNewsЖаңалықтар

Зүлфия Чиншанло Токиодағы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыратлет Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, – деп хабарлайды  Basnews.kz тілшісі.

Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 90 келіні еңсерді. Кейін екі мәрте 93 келіні көтерген, бірақ төрешілер есепке алмады. Сондықтан алғашқы жаттығудан кейін ол 7-орында тұрды. Ал серпе көтеруде спортшымыз 123 келі зілтемірді бағындырып, Олимпиада рекордын орнатты. Екі жаттығу қорытындысы бойынша 216 келіні көтерді.

Осылайша, Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button