BasNewsЖаңалықтар

Шымкенттің 12950 жүргізушісі көлік әйнегін қараңғылағаны үшін жазаланды

Шымкентте 13 мыңға жуық жүргізуші көлік әйнегін қараңғылағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Шымкент ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері мұндай 12 950 автокөлікті анықтаған.

Жүргізушілерге қатысты полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі «Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылардан жолда мұқият болуды және ережелер сақтауды сұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button