BasNewsЖаңалықтар

Алматыда отырғызылған 44 мың тал қурап кетті

Алматыда 2020 жылы отырғызылған 44 мың түп тал қурап қалды. Бұл туралы қалалық жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская онлайн брифинг барыснда айтты, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Спикердің сөзінше, көктемде 64 мың көшет отырғызылды, күзде тағы 300 мың түп отырғызу жоспарда. Былтыр отырғызылған 282 мың көшеттің 16 пайызы жерсінбеді.

«Рас 44 мың ағаш тамыр жайған жоқ. Қурап кетті. Стандарттар бойынша ағаштарды жаппай отырғызу кезінде 15 пайызы жерсінбейді. Сондықтан бізде тек бір пайыз ғана артық. Біз 2019 жылдан бері отырғызған барлық көшеттерді жүйелі түрде бақылап отырамыз. Кейбір түрлері боынша қиындықтар бар. Мысалы, Алатау ауданындағы қарағай тоғайы. Қарағай мен шыршалардың ашық күн астында тамыр жайып кетуі өте қиын. Негізі, олар тау бөктерінде өсетін ағаштар. Қазір біз оларды емдеп жатырмыз», – деді Наталья Ливинская.

Сонымен қатар, ол биыл тамыр жаюы төмен әрі ауруға бейім ағаштар отырғызылмайтынын жеткізді.

«Біз ағаш күтіміне, жасыл қорды сауықтыруға және биоәртүрлілікті сақтауға көштік. Алматының жасыл желектерін суландыру үшін жаңа скважиналар салынды, суармалы арық торабына инвентаризация жүргізілді, суару жұмыстары күшейтілді», – деді Жасыл экономика басқармасының басшысы.

Наталья Ливинская қалада отырғызылған өсімдіктердің ауқымы климат пен топырақ құрамына байланысты ғылыми қауымдастықпен, ландшафт мамандарымен бірге іріктелетінін баса айтты.

«Бұл ретте жасыл желектердің тізілімі қалыптасты, онда әр талдың электронды паспорты бар. Реестр жасыл қордың сапалық және сандық жағдайының есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйе сонымен қатар отырғызу алаңдарын, оның ішінде өтемақыны бақылауға мүмкіндік береді. Жүйе барлығына 2021 жылдың қыркүйегінен бастап басшылықтың ресми сайтында қолжетімді болады»,-деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ағаштарды сауықтандыру мен емдеу жұмыстары, зинякестер мен зеңге қарсы төрт рет биологиялық өңдеу қатар жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button