BasNewsЖаңалықтар

Алматыда үйге ұрлыққа түскен жігіттерді көршілері танып қойды

Алматыда жекеменшік үйге кірмек болған ұрылардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға бүгін, 25 ақпанда Таулы қырат (Горный гигант) ықшам ауданында Иванилова көшесінде болған делінеді.

Үй иесінің айтуынша, олар күйеуі екеуі күндіз сағат 10.00-де шығып кеткен. Ал тура жарты сағаттан соң, яғни 10.30-да көршісі қоңырау шалып, екі белгісіз адамның аулада жүргенін, ішке кіруге тырысып жатқандарын айтқан. Есік алдында шығып, олардың не істеп жатқандарын сұраған көршісі ұрыларды үркітіп жіберсе керек. Олар оқиға орнынан ізін суытқан. Терезенің торын сындырғанмен, бірақ олар ішке кіре алмапты.

Алайда, полицияға ешқандай шағым түспеген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button