BasNewsЖаңалықтар

Алматытылық полицейлер мотоциклмен жүреді

Алматы полицейлеріне мотоцикл берілді. Бұл туралы қалалық ДП баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

«Патрульдік полиция мен жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 КТМ мотоциклі берілді.

Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін пайдаланылады», – делінген министрлікте.

Полиция мәліметінше, қызметкерлер алдын ала мотоцикл жүргізуді меңгерген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл мотоциклдер тез әрекет етуге мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.

Айта кетейк, бұған дейін 20 электросамокат сатып алу жоспарланғаны хабарланған болатын. Бұл мақсатқа жұмсалмақ болған нақты сома аталмаған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button