BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды. Бұған дейінгі тәулікте 6 314 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 6725 адамнан коронавирус анықталған еді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 23 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 631 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 748 851 жетті», – делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 422,
- Алматы қаласында – 1505,
- Шымкент қаласында – 147,
- Ақмола облысында – 274,
- Ақтөбе облысында – 166,
- Алматы облысында – 394,
- Атырау облысында – 302,
- Шығыс Қазақстан облысында – 173,
- Жамбыл облысында – 225,
- Батыс Қазақстан облысында – 58,
- Қарағанды облысында – 860,
- Қостанай облысында – 272,
- Қызылорда облысында – 97,
- Маңғыстау облысында – 242,
- Павлодар облысында – 312,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 131,
- Түркістан облысында – 51.



