BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 6 358 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 358 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 25 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 358 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 761 249-ға жетті», – делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 601,
- Алматы қаласында – 1605,
- Шымкент қаласында – 260,
- Ақмола облысында – 263,
- Ақтөбе облысында – 420,
- Алматы облысында – 376,
- Атырау облысында – 316,
- Шығыс Қазақстан облысында – 211,
- Жамбыл облысында – 193,
- Батыс Қазақстан облысында – 161,
- Қарағанды облысында – 821,
- Қостанай облысында – 265,
- Қызылорда облысында – 151,
- Маңғыстау облысында – 190,
- Павлодар облысында – 338,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 110,
- Түркістан облысында – 77.



