BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан 141 адам қайтыс болды

Қазақстанда 24 тамызда коронавирус пен пневмониядан 141 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

ПТР анализі расталған (КВИ+) 115 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 26 адам пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды.

Сондай-ақ, 24 тамызда пневмонияның 377 жаңа жағдайы анықталған.

 

26 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (111 242 КВИ+ және 6 324КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  27 244 пациент стационарда,
  • 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 857 адамның жағдайы ауыр,
  • 516 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 208 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button