BasNewsЖаңалықтар
Паралимпиада-2020: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстан Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарда алғашқы алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Оны Давид Дегтярев 54 келі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен алды.
Дегтярев – 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар, ол 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынды иеленді. Ең жақсы талпынысында ол 83 келіні көтере алды.



