BasNewsЖаңалықтар
Жамбыл облысындағы жарылыстан төрт адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыстардан төрт әскери адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін баспасөз қызметінде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.
«27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.
Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған.



