BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында тағы бір әскери қызметкер қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қорғаныс министрі төрт адамның қаза болғанын хабарлаған болатын.

Өрт сөндіру бөлімінің бастығы, келісімшарт қызметінің кіші офицері, 1992 жылы туған Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндіру жұмыстарын басқарған. Ол жарылыстан кейін оқиға орнында қайтыс болды. 27 тамызда таңертең ол қайда екені белгісіз әскери қызметкерлер тізіміне тұрған, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button