BasNewsЖаңалықтарСараптама

Елімізде сатылған әр үш автокөліктің екеуі Қазақстанда шығарылған

Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,8 млрд теңгенің 5 884 көлік құрастырып шығарылды.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, 2020 жылдың қаңтарындағы жағдаймен Қазақстанда өндіріс көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 81,9% ұлғайып, 35,845 млн теңгені құраған.

Негізгі өсім бұрынғыдай жеңіл көлік есебінен болып отыр. Жеңіл көлікті өндіру 67%-ға – 5161 данаға өскен. Жүк көлігін өндірушілер 8 есе жоғары көрсеткішке өсіп, 549-ға дейін жетті. Ал автобус шығару көлемі бұрынғы қалпында қалды, мәселен былтыр 39 дана болса, биыл 33 дана.

«Өткен жылы автомобиль өндірушілер өндірісті екі есе арттырды. Сонымен бірге, жеңіл автомобиль жасау саласының еліміздегі машина жасау құрылымындағы үлесі 38% -ға жоғарылады. Біз өсу көрсеткіші биыл да күтіледі. Бірақ оның қалай өсетіні алдағы сатылу нарығына байланысты айқындалады», – дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.

Алдын ала болжам бойынша, қостанайлық «СарыарқаАвтоПром» компаниясы 2816 дана техника шығарса, өскемендік кәсіпорын «АзияАвто» 2538 көлік құраған. Семейдегі «СемАЗ» автоқұрастыру зауыты 296 жүк тиейтін көлік құраса, көкшетайлық «КАМАЗ Инжиниринг» 60 техника, «Daewoo Bus Kazakhstan» 32 автобус шығарса, «Hyundai Trans Auto» коммерциялық техника шығарған.

Жергілікті өндіріс автомобильдері барлық сатылымдардың 61% -ынан асты, яғни қаңтар айында 3,5 мың дана шығарылды дегенді білдіреді. Елде сатылған әр үш көліктің екеуі Қазақстанда шығарылған.

invest_rus

Back to top button