BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылған әскери оқ-дәрі қоймасынан тағы жалын шықты

Қазақстан Қорғаныс министрлігі жарылған әскери оқ-дәрі қоймасынан жалын шыққанын мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«26 тамызда өрт шыққан инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бүгін, 29 тамызда сағат 12.20 шамасында тарс еткен дыбыс естіліп, жалын шықты. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, адамдар болмаған. Себептері анықталып жатыр», – делінген ведомствоның Telegram-каналында.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button