BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда соңғы тәулікте 4320 адамнан COVID-19 анықталды
Қазақстанда кейінгі тәулікте 4 320 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 31 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы: өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 320 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 793 791 жетті», – делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 268,
- Алматы қаласында – 1259,
- Шымкент қаласында – 140,
- Ақмола облысында – 251,
- Ақтөбе облысында – 263,
- Алматы облысында – 270,
- Атырау облысында – 149,
- Шығыс Қазақстан облысында – 161,
- Жамбыл облысында – 78,
- Батыс Қазақстан облысында – 68,
- Қарағанды облысында – 450,
- Қостанай облысында – 239,
- Қызылорда облысында – 76,
- Маңғыстау облысында – 250,
- Павлодар облысында – 260,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 77,
- Түркістан облысында – 61.