BasNewsЖаңалықтар
Алматыдағы бассейнде 11 бала уланып қалды

Алматы бассейнінде 11 бала уланып қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, балалар жедел жәрдеммен жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілген.
«Олар бассейндегі сабақ кезінде хлор буына уланып қалған. Балалардың жасы 12-14-те. Барлығының жағдайы тұрақты, мамандандырылған бөлімге жатқызылды», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алмалы ауданының санитария дәрігерлері бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.



