BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ағаштар рұқсатсыз кесілді

Алматыдағы Жандосов көшесінің бойындағы ағаштар жаппай кесілді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматылықтар әлеуметтік желіде Жандосов – Навои көшелерінің қиылысында ағаш кесілгенін айтып шағымданды.

«Мамандар экобелсенділермен бірге оқиға орнына барды. Бірақ, оларды аумаққа кіргізбеді. Дронның түсірген видеосы бойынша 300-ге жуық ағаш рұқсатсыз кесілген. Материалдар табиғат қорғау прокуратурасына жіберіледі», – деп мәлімдеді басқарма.

Еске салсақ, жақында қала тұрғындары Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі ағаштардың кесілуіне шағымданған еді.

Ол ағаштардың арасында Қызыл кітапқа енгендері бар деп болжанды.

Кейінірек 300-ге жуық ағаштың заңсыз кесілгені туралы акт жасалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button