BasNewsЖаңалықтар

«Азия Авто Қазақстан» басшысының өлімі тергеліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында «Азия Авто Қазақстан» АҚ басшысы Антон Ненаховтың өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша жүріп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Антон Ненахов 23 қыркүйекте өлі табылды. ШҚО ПД мәліметінше, осы күні Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеу бастады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын зерттеу жан-жақты, толық және объективті болуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button