Прокуратура Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан прокурорының орынбасары Елдос Килымжанов белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«25 ақпанда Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Ағаділдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу объектив жүруі үшін қылмыстық істі Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының прокурорлары өндіріске алды. 26 ақпанда қайтыс болған Ағаділдің отбасының адвокаты берген өтініш бойынша мәйіт сараптамадан өткізіліп, зерттелді. Мамандар Ағаділдің өлімінің себебін анықтады – өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Ешқандай дене жарақаты анықталмады, зорлық белгілері жоқ», – деді Елдос Килымжанов.
Оның айтуынша, сараптама зерттеу қорытындысы шыққан соң жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ көз жұмған еді. Кейін Ішкі істер министрлігі Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтқан болатын.



