BasNewsЖаңалықтар

Елордада бір тәулік ішінде 68 жол апаты тіркелді

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 11 қазанда ауа райы нашарлайды, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деген болжам бар. Көліктеріңізге қысқы дөңгелек салып, баратын жерлеріңізді алдын-ала жоспарлауды, жол жүру барысында ара қашықтықты сақтап, абай болуларыңызды сұраймыз, – делінген полиция хабарламасында.

«Елордада бір тәулік ішінде 68 жол апаты тіркелді, зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше қамқорлық қажет», – деп толықтырды департамент.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда көктайғақ пен тұман күтілетіні хабарланған болатын.

Back to top button