BasNewsЖаңалықтар

Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды

Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж мүшелері Қазақстан жеріне сәтті қонды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған «Союз МС-18» Жерге оралды.

Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан Жерге аттанды.

Ғарыш кемесі Жазқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды. Оларды  «Роскосмостың» басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды. Ғарыш кемесінің Жерге оралу сәтін Бірінші арна мен RT трансляциялады.

5 қазанда Байқоңыр айлағының «Восток» старттық алаңынан «Союз МС-18» зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. «Вызов» ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд «Союз МС-18» орбитасына жеткізіледі.

«Союз МС-18» кемесінің капитаны ғарышкер – Антон Шкаплеров.

Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған.

«Вызов» — бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button