BasNewsЖаңалықтар
Қазақстандық Оңтүстік Кореяда қатыгездікпен кісі өлтірді

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында Қазақстан азаматы төбелес кезінде пышақ жарақатынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Cj-ilbo сайтына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, марқұмның денесі 12 қазанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 16.51-де табылған. Ер адам жедел жәрдем бөлімінде мойнындағы пышақ жарақатынан қайтыс болған. Оқиға куәгері полицияға хабарласқан.
Оқиға орнында адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол да Қазақстан азаматы екені анықталды.



