BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда карантин жеңілдейді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Үкімет отырысы кезінде министр эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты, сондай-ақ вакцинация деңгейі 70 пайызға жеткендіктен, ВАК шешімі бойынша 20 қазаннан бастап келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін хабарлады:

  • келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі;
  • түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ:
    «жасыл» аймақта 100 адамнан артық емес;
    «сары» аймақта 70 адамнан артық емес;
    «қызыл» аймақта 50 адамнан артық емес.
  • Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:
    «жасыл» аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 05:00-ге дейін;
    «сары» аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 03:00-ге дейін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button