BasNewsЖаңалықтар

Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соғысты

Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.

https://www.instagram.com/p/CVUJysiq34R/

Көліктегі полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 22 қазанда болған.

«Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі («Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button