BasNewsЖаңалықтар
Қарсы бетке шыққан: Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы қаза болды

«Көкшетау-Қостанай» тасжолында жол апаты болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
22 қазанда сағат 16:15-те Зеренді ауданының полиция бөліміне «Көкшетау-Қостанай» тасжолынан 25 шақырым жердегі Еленовка ауылында жол апаты болғаны хабарланған.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында Volkswagen Golf жолаушысы Нұр-Сұлтанның 41 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Сонымен қатар, Volkswagen Golf жүргізушісі мен екі жолаушы, KIA Sportage жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер Көкшетаудағы арнайы тұраққа жеткізілді.



