BasNewsЖаңалықтар
Көкшетау моншасында балалар химиямен уланды

Ақмола облысында монша кешеніне барған балалар химиялық затпен уланып қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 23 қазанда болған.
20:20-да Көкшетау қаласының тұрғынынан қаладағы монша кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған балалардың уланғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Көпсалалы облыстық ауруханаға «химиялық затпен улану» диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді, деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, аталған факті бойынша, ҚР ҚК 306-бабының 2-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.



