BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда тағы бір облыс «қызыл» аймақтан шықты

Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
30 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.




