BasNewsЖаңалықтар
Димаш Құдайберген Billboard чартында топ-20-ға кірді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Billboard Hot Trending Songs чартының топ-20 қатарына кірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы оның әкесі Қанат Айтбаев мәлімдеді.
«Қолдауларыңыз бен ықылас, ниеттеріңіз үшін мың алғыс, құрметті достар!» – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Қазір Димаштың әні рейтингіде 19-орында. Айта кетейік, әйгілі ұлыбританиялық әнші Adele Easy on me әнімен қазақстандық әншіден 500 дауысқа ғана алда.

Еске салайық, Димаш Құдайберген Fly away әнін Сочидегі «Новая волна – 2021» фестивалінде таныстырған болатын.



