BasNewsЖаңалықтар
Алматыда карантин жеңілдеді

Алматыда эпиджағдайға қатысты «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап «қызыл» аймақтың карантин шектеулері алып тасталды. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен соң карантин шектеулері жеңілдеді.



