BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысы «жасыл» аймаққа өтті

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Ақтөбе облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2021 жылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.




