BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның бес өңірінде тағы да дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі дауылды ескерту жариялайды.

5-6 қарашада Түркістан облысының тау бөктерінде және оңтүстік аудандарында, сондай-ақ Шымкентте тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде және Оралда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел тұрып, шаңды дауыл тұрады. Қызылордада да жел соғады. Күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. 6-8 қарашада Алакөл аумағында шығыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button