BasNewsЖаңалықтар
Қарағанды облысындағы шахтада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты
Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-те.



