BasNewsЖаңалықтар
Энергетика министрлігі бензин тапшылығының болмайтынын хабарлады
Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармайдың (ЖЖМ) үздіксіз өндіріліп жатқанын мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қордың көлемі халықтың бензинге деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Осы жағынан алғанда, бензин тапшылығының орын алуына негіз де, алғышарттар да жоқ, – деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жанар-жағармай материалдары құнының негізсіз өсімі мен нарықта жасанды тапшылық туғызу фактілері тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.



