Алматыда қызды өлтіріп, өртеп жіберді
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткен қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіден белгілі болды.
Қызды өлтірді. Алдымен буындырып, содан кейін өртеп жіберді. Біз учаскелік инспекторларға жалға берілетін притон-пәтерлерде болып жататын небір сұмдықтар жайында талай айттық. Бірақ тұрғындардың жанайқайын ешкім елемейді. Қазір учаскелік полицейлер бұл жезөкше болғанын айтады, – дейді @zhaloby.almaty парақшасының авторы.
Сонымен қатар, полиция аталған факті ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Медеу аудандық ПБ іс жүргізуінде жатқанын нақтылады.
Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде, – деп мәлімдеді ведомствода.
Жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп толықтырды ДП.
«Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда», деп қорытындылады баспасөз қызметі.



