BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында жасөспірімге оқ тиіп, қайтыс болды

14 жастағы бала досымен бірге далада құстарды атқан. Олар қаруды рұқсатсыз ата-анасынан алған, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Биылғы жылдың 9 қарашасында Меркі аудандық полиция бөліміне орталық аудандық ауруханаға пневматикалық қарудан алған дене жарақатымен түскен Тескентоған ауылының 14 жастағы тұрғынының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу-жедел тобы ата-анасының рұқсатынсыз қару алған марқұмның досымен бірге далада құс атқанын, сол кезде оқтан жараланғанын анықтады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және зерделеу мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған орай, барша ата-анадан өз балаларына мұқият болуды, заңда белгіленген тәртіпке сай тіркелген қаруды сақтауды сұраймыз! – деп ескертті полициядағылар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button