BasNewsЖаңалықтар

Семейде кәмелетке толмаған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр

Семейде кәмелет жасқа толмаған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

13 қарашада әйел ШҚО полиция департаменті Семей полиция басқармасына кәмелетке толмаған қыздың із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша жүгінген.

«Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы «Кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір кінәлі адам анықталып, тергеу, кәмелетке толмаған адамның денесін іздеу және дәлелдемелерді бекіту шаралары жүргізіліп жатыр», – деді полициядан.

Тергеу бөлімі сот сараптамаларын тағайындады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button