BasNewsЖаңалықтар
Президент студенттерге грант бөлу схемасын өзгертуді ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім гранттарын бөлу тәртібі туралы айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қаржыландыру тікелей грант алушыға берілуі тиіс, яғни студенттің өзі оқу ақысын төлеуі керек. Бұл дегеніміз – ақша студенттің арнайы шотына түседі, бірақ ол ақшаны тек оқу ақысын төлеу үшін ғана пайдалана алады. Мұндай тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде бәсекелестікті арттырады. Бұл сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз етеді, оқыту сапасы мен студенттердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Үкімет бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият қарастырғаны жөн», – деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.



